Салауатты өмір салты ма, әлде саламатты ма?
Көштен қалмайын деп мен де мини блогиадаға қатыспақпын.Әрине, соңғы минуттарда адам ойына не келуші еді?Қарашаның 3-і мен 9-ы аралығында «Салауатты өмір салты» тақырыбына репортаж жасау керек болатын.Бірақ та бұл жазбам репортаж деуге келмес, сонда да бір жарыстың бастамасы ретінде қабыл алуларыңызды сұраймын.
Салауатты өмір салты дегеніміз не? Немесе «саламат» пен «салауат» сөзін дұрыс қолданып жүрміз бе?«Салауат» деген сөз қайдан шыға келгенін қайдам,құллағымыз бұл сөзге тез үйреніп кете барды
Менің түсінігімдегі «саламатты өмір салтының» нағыз үлгісі білім алатын жоғарғы оқу орным ЕҰУ-нің айналасы.Себебі біздің универ «кіші Венецияда» орналасқан.Олай айтуымның себебі де жоқ емес, бұған «Ақбұлақ» каналы айғақ. «Ақбұлақ» каналы айналасында ЕҰУ мен бірге екі спорт кешені орналасқан.Бірі- "Қазақстан" спорт кешені, екіншісі- «Алатау» спорт кешені. Және күн жылы кезде мұнда байдарка, каноэ есу спортымен айналысатын адамдарды кездестіресің, ал қыс мезгілінде «Ақбұлақ» каналы аппақ мұз айдынға айналып,қала тұрғындары мен ЕҰУ студенттерінің ермегіне айналады.Шанамен сырғанап, коньки тебеді.Студенттердің көпшілігі кешкі уақыттарды осы «Ақбұлақ» жағасында жүгіріп, жаттығу жасап, денелерін шынықтырады.Саламатты өмір салтын қалыптастыруға біздің «кіші Венециямыз» өз үлесін қосып жатыр.Сөз соңында, алыстан арбаламай-ақ университет айналасында спортпен толыққанды шұғылдануға барлық жағдай жасалғандығын айтқым келеді.
Әрі қарай
Салауатты өмір салты дегеніміз не? Немесе «саламат» пен «салауат» сөзін дұрыс қолданып жүрміз бе?«Салауат» деген сөз қайдан шыға келгенін қайдам,құллағымыз бұл сөзге тез үйреніп кете барды
.«Егемен Қазақстан» газетіне 2007 жылы «Ақсақалдар айтпады деп жүрмесін» атты материалында журналист Бекболат Әдетовтың «саламат» пен «салауат» сөзінін қалай қолданып жүргендігіміз жайлы былай деп көрсеткен:Салауаттылық. Салауатты өмір салты… Осы сөз, осындай тіркес ғайыптан түскендей сап ете қалып, санамызға орныққалы да біршама уақыт болыпты-ау.Ислам дінінде, пайғамбарға салауат деген сөз бар.Ал бұл діни «салауат» сөзімен саламат сөзін алмастырудың не қажеті бар? Біз жарыса жаза кеткен «салауатты өмір салтымызды» «саламатты өмір салтына» алмастыру жөн секілді.Себебі Елбасымыздың өзі қабылдаған «Саламатты Қазақстан» атты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «салауатты» емес «саламатты» сөзін қолданғандығы осының айғағы.
Жақында КТК телеарнасынан “салауатты шаш” деген кереметті де естідік...
“Салауатты өмір салты” дейтінге біз неге бір дегеннен құлдық ұрып, айрандай ұйи кеттік осы? “Здоровый образ жизни” деген орысшаны осылай бір аударып алып, соған тісті бақадай жабыстық та қалдық. Тегі, сол әубаста “салауат” емес, “саламат” деп аударылған болар дейтін ой келеді маған. Саламатты өмір салты. Әуелі солай аударылып, бір білгіш үстінен “жөндеп” жіберген болар деймін ғой баяғы. Әйтпесе “Саламатсыз ба?” деп амандасамыз, “сау-саламат болыңыз” дейміз. Саламат Хайдаров дейтін жақсы ағамыз, белгілі журналисіміз бар. “Саламат” сөзі деніміздің саулығын, тәніміздің (керек десеңіз, жанымыздың да) кіршіксіз тазалығын білдіретіні әмбеге аян. “Сағынып қалдым саламат өмір кешуді”,- дегенде Мұқағали ағамыз да көбінесе осы жағын – жан тазалығы мен тән тазалығын айтқаны екібастан белгілі. Ретті-ретсіз “салауатқа” барып ат байлаудың ешбір жөні жоқ.